Атырауда сайлау күні автобуста жолаушылар тегін жүреді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында сайлау күні автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына байланысты қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетеді.

«Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев сайлау өтетін күні жолаушыларды тегін тасымалдауға ұсыныс білдірді. Әкімнің бұл ұсынысы жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялар тарапынан қолдау тапты. Бұл күні Атырау қаласындағы 26 маршрутта жүретін автобустардың бәрі жолаушыларды тегін тасымалдайды» - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда метанмен жүретін автобустар жолға шыққанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар