+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Атырауда сауда желілері азық-түлік жеткізушілерден төлемдерді заңсыз талап еткен

2021 жылғы 19 тамыз 11:04
Бөлісіңіз:
Атырауда сауда желілері азық-түлік жеткізушілерден төлемдерді заңсыз талап еткен

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сауда желілері азық-түлік жеткізушілерден төлемдерді заңсыз талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Заңгерлер қауымы Тәуелсіздіктің 30 жылында атқарылған шаруаларды талқылады Атырау облысында үш компания қылмыстық топ көмегімен 715 млн теңге салықтан жалтарған Атырауда көпбалалы отбасыларға арналған баспана құрылысы екі жыл бойы тоқтап тұр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары азық-түліктің ритейл нарығына талдау жүргізген.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілерден ретро бонустар және дүкен сөрелерінде өнім көрсетілгені үшін маркетингтік төлемдерді талап етуге қатысты «Идеал Маркет» ЖШС (Идеал, Лидер дүкендері), «ТД Ярмарка» ЖШС, «Анвар» ЖШС және «Marco» ЖШС-нің сауда желілері тарапынан бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, күнбағыс және сары май, сүт өнімдерін көтерме жеткізушілерімен шарттар жасау кезінде 2%-дан 7%-ға дейін сыйақы төлеу белгіленген. Ішкі сауда қағидаларына сәйкес ішкі сауда субъектісінің (бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген сауда желілері) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақы төлеуге жол берілмейді. Бұл қосымша маркетингтік төлемдер есебінен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қарастырылған», - делінген өңірлік департаменттің ақпаратында.

Осыған байланысты ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жіберілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тұтынушылардың 1 млн теңгеден астам төлемі қайта есептелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT