Атырауда сауда және ойын-сауық орталықтары сенбі, жексенбі жұмыс істемейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында карантин шаралары қайта күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Ә. Бекешеваның жаңа қаулысында айтылған.

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, субъектілер Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Ashyq мобильді қосымшасын енгізсін және пайдалансын» делінген құжатта.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілерінің күн сайынғы жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 15:00-ге, ал, Ashyq жобасына қатысатын нысандар сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектелген.

Бұл нысандардың сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Жаңа қаулы 27 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жаңа қаулыға сәйкес қандай шектеулер енгізілгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар