Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырауда сатылып жатқан балалар ойыншығының 56 түрі тексерілді

2022 жылғы 10 маусым 04:45

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сатылып жатқан балалар ойыншығының 56 түрі тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары балаларға арналған ойыншықтар мен басқа да тауарларды сатып алу кезінде таңбалануына ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді.

«Тұтынушыға жеткізілуі керек негізгі ақпарат қаптамада көрсетілген. Онда өндіруші туралы мәліметтер мен өнім дайыналған материалдың құрамы, жас шектеулері жазылады. Ойыншықтарды дүкеннен кездейсоқ сатып алудың қажеті жоқ. Мұндай сауда орындарында өнімге сапа сертификаты берілмейді. Сертификат – ойыншықтарды сатып алу кезінде ескеретін жайт. Өйткені, сапасыз өнімдер денсаулыққа зиян келтіреді. Мәселен, қорғасын қосылған бояумен боялған ойыншық өлімге әкеп соғуы мүмкін. Қорғасын анемияның өршуіне, иммунитеттің төмендеуіне, метаболизмнің бұзылуына, өсудің баяулауына ықпал етіп, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуына, ақыл-ойдың дамуының тоқтауына әкеледі. Осы орайда соңғы тексерісте 56 ойыншықтың 38-інде сәйкессіздік орын алып отыр», -дейді Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Фариза Мерекеқызы.

Оның айтуынша, ойыншықты таңдарда жағымсыз иісіне, ақауына немесе бояудың сыдырылуына және басқа да көрініске назар аудару керек. Себебі елімізге ойыншықтар Қытайдан, Ресей, Белорусь пен Өзбекстаннан әкелінеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда адам өміріне қауіпті 1,5 тоннадан астам тауық еті жойылғанын хабарлаған болатынбыз.


Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары