Атырауда сапасыз жолды жөндеуге 11 млн теңге жұмсалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сапасыз жолды жөндеуге 11 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, былтыр өңірдегі республикалық маңыздағы автожолдарға 626 рет тексеріс жүргізілген.

Жол құрылысы материалдарынан 526 мәрте сынама алынды.

Оның қорытындысымен 9 сынаманың стандарттарға сәйкес еместігі, сондай-ақ, 115 түрлі кемшілік анықталды.

Кемшіліктерды жою үшін жол жабындысы ауыстырылып, жалпы құны 11 млн 236 мың теңгенің жұмысы орындалды.

«Қазір өңірлік филиал қысқы маусымда республикалық жолдарда тайғаққа қарсы, сондай-ақ, «Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы автомобиль жолын қайта жаңғыртуға пайдаланылатын материалдар сапасын тексеру жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлады филиалдың баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар