+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда санитарлық талап сақталмаса карантин шаралары күшейтілуі мүмкін

2020 жылғы 6 шілде 18:57
Бөлісіңіз:
Атырауда санитарлық талап сақталмаса карантин шаралары күшейтілуі мүмкін

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда санитарлық талаптар сақталмаса карантин шаралары күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, коронавируспен күрес жөніндегі өңірлік жедел штабтың төрағасы Нұрлан Таубаев штабтың нақты міндеттері туралы айтып берді.

«Штаб шектеу шараларының орындалуын қадағалап, жағдайды бақылауда ұстайды. Егер қажеттілік туындаса, штаб қатаң карантин шараларын енгізу туралы ұсыныс білдіре алады. Ал, қазіргі жағдайға байланысты қабылданатын шешімдер алдағы үш-төрт күнде белгілі болады. Жеке көлік қозғалысына кешкі сағат 23.00-ге дейін ешқандай рұқсат құжаты қажет емес, яғни тыйым салынбайтындығын атап өткім келеді. Сондай-ақ, тұрғындар масканы міндетті түрде тағып жүруі керек. Әрі әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн. Ережелерді сақталмаған болса, азаматтар жауапқа тартылады. Бұдан бөлек, мобилді топ күн сайын полиция және эпидемиологтермен бірлесіп санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың орындалуын бақылау мақсатында рейд өткізеді. Талапқа сәйкес келмейтін қызметтер болса, рұқсат етілген нысан иелері жауапқа тартылып, ол мекемелер жабылады. Мәселен, талаптарды орындамағаны үшін букмекерлердің қызметіне тыйым салынды», - деді Нұрлан Таубаев.


Сондай-ақ, жедел штаб төрағасы облыс тұрғындарын тек сенімді ақпаратқа сенуге шақырды.

«Бірер күн бұрын қалада дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз тарату шарасы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар бұл әрекетін ешкіммен ақылдаспаған, алдын-ала келіспеген. Адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себебінен, бұл жағдай аурудың жаңа толқынының пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін еді. Өйткені, барлық санитарлық нормалар бұзылған. Осы орайда тұрғындардан тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймын. Қазір халық әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған ақпараттарға сеніп, соның салдарынан дүрбелең туындауда. Мұндай өтірік, жел сөзге алданып қалмаңыздар, әрдайым алған ақпаратыңыздың шынайы екеніне көз жеткізіңіздер», - деді ол.

Еске сала кетелік, Атырауда коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб құрылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT