Атырауда салмағы 5,7 келі болатын алып бала дүниеге келді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда салмағы 5,7 келі болатын алып бала дүниеге келді. Бойы – 64 см, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, алып нәресте облыстық перинаталдық орталығында өмірге келген.

«Қазір алып баланың да, оны өмірге әкелген анасының да жағдайы жақсы. Алып нәресте – отбасындағы төртінші бала. Сәбидің салмағы ірі болған соң, дәрігерлер анасына кесарь тілігі арқылы ота жасады. Ол – биыл өңірде дүние есігін ашқан алғашқы алып бала. Оның салмағы – 5700 грамм, ал, бойы – 64 см», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, медицинада нәрестенің салмағы 4 келіден асса, ірі, ал, 5 келіден жоғары болса, алып саналады.

Баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, кеше, 20 қарашада 34 сәби дүние есігін ашқан. Оның ішінде бір егіз бар.

«Сайлау күні өмірге келген нәрестелердің 19-ы ұл, 15-і қыз. Аналар мен сәбилердің денсаулығы қалыпты, бәрі де дәрігерлердің жіті бақылауында алынды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын Атырауда биыл 96 егіз өмірге келгенін хабарлаған едік.

Облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Альмира Сабырғалиеваның айтуынша, биылғы 9 айда 6 796 сәби дүниеге келген.

Оның ішінде 96 егіз бен бір үшем тіркелген.

Үшем 6 қыркүйекте дүниеге келген үшемнің екеуінің салмағы – 1 келі 800 грамм, үшіншісі – 2 келі 200 грамм.

Жас отбасы Есет Құмар мен Аянгүл Сәбитова жаңа туған үшемге Ахмад, Батырхан, Исмаил есімін берген.


Соңғы жаңалықтар