Атырауда «Салауаттылық əдеттер» марафоны басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 11 шілдеде басталған челлендж 8 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігінің бастауымен республика көлемінде кең ауқымды марафон бастау алды.

Марафон 11 шілде күні Атыраудағы «Ретро парк» саябағында басталды.  Бүгінгі шара қалалық №7 емхана мен Атырау медициналық колледжі және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Мұндағы басты мақсат - әрбір адамның  өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.  
null 

Марафон 5 станциядан тұрады. Халық денсаулығына кері әсерін тигізетін тұздан сақтану, күніне 2 литр су ішу, жеміс-жидектер станциясында витаминдердің адам денсаулығына пайдасын түсіндіру, шұғыл жағдай орын алған кезде орындауға тиіс іс-әрекеттермен таныстыру, күніне 10 мың қадам жаяу жүру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы тапсырмаларды күнделікті орындау арқылы өз денсаулығыңды нығайтатын болады.

«Марафонда қойып отырған талаптарымызды әр мекеме және тұрғын өз деңгейінде жалғастырып отыруы қажет. Қыркүйек айының 8-ші жұлдызында материалдар республикаға жолданып, қорытындысы шығады. Осы марафонның ережелерін орындағандар арнайы алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады»,- дейді Атырау медицина колледжінің директоры Лаура Құбаева.

Айта кетейік, бастамаға  қатысушылар міндетті түрде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әлеуметтік желілеріне тіркеліп, бастаманы қолдайтындықтарын сурет немесе бейне  арқылы,  «денсаулық кепілі», «сау әдеттер марафоны» хештэгтері арқылы әлеуметтік желілерде бөлісуі тиіс. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар