Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 361.94 EUR 423.25
RUB 5.40 CNY 52.82
Жаңалықтар

Атырауда «салафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалаған - ҚР ҰҚК

2018 жылғы 6 ақпан 13:15 3541
Бөлісіңіз:
Атырауда «салафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалаған - ҚР ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жолаушылар тасымалдаушыларынан ақша бопсалап келген топты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласында 2 жыл бойы «Атырау-Астрахан», «Атырау-Орал», «Атырау-Бейнеу» бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындардан ақша қаражаттарын бопсалаумен жүйелі түрде айналысып келген адамдар тобы құрықталды. Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған. Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымның ұстанушылары болып табылады», - деп атап өтілген ҚР ҰҚК мәліметінде.

Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Топтың алты белсенді мүшесіне қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп нақтыланған таратылған мәліметте. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат