+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда Сағыз өзеніне 2 адам батып кетті

2020 жылғы 5 шілде 14:34
Бөлісіңіз:
Атырауда Сағыз өзеніне 2 адам батып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Сағыз өзеніне бір күнде 2 адам батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпара.

Ұқсас жаңалықтар
Блокпостағы полиция өлімі: қылмыстық істің квалификациясы өзгертілді Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына жерленді Қытайда «Хагупит» тайфуны салдарынан жүздеген мың адам қауіпсіз жерге шығарылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 4 шілдеде Сағыз өзенінің Мұқыр селолық округіне қарасты Қарақұдық қыстағы тұсында болған.

«Мұқыр ауылының 1985 және 2005 жылғы 2 тұрғыны Сағыз өзеніне шомылуға барған. Алайда, олар өзеннің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылып, суға кеткен. Бүгін, 5 шілдеде сағат 00:30 шамасында Қызылқоға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар суға кеткендердің денесін тауып, өзеннен шығарды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қайғылы оқиға қауіпсіздік шараларын сақтамаудан орын алған. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан арнайы жабдықталмаған жерде шомылу оқиғалары жиі қайталанып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батып кеткен жігітті таба алмай жатқанын хабарлаған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT