Атырауда сабақты ерекше көңілді өткізетін мұғалім тұрады

Фото:
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Әр сабағын ерекше етіп өткізетін атыраулық ұстаз көпшілік назарына ілікті. Бүгінде оның «Tik-Tok» әлеуметтік желісіне жариялаған қызықты сабақтары мен сергіту сәттері туралы видеолары мыңдаған оқырманның көзайымына айналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ислам Қадыров - Атырау қаласындағы № 41 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

«Мақсатым – балаларға өзге тілді оңай меңгерту. Ол үшін жан-жақты ізденіп, еркін форматта сабақтар өткізіп келемін» – дейді жаңашыл ұстаз.

Исламның «Tik-Tok»-тағы негізгі контенті ата-аналар мен оқушылар. Еліміздің түкпір-түкпірінен оқырмандары бар.

«9 сыныпқа жетекшілік ететін ұстаз балалармен бірдей деңгейде әңгімелесіп, тәрбие мен білімді ұштастырып қызмет ету басты ұстанымым» – дейді ол.


Соңғы жаңалықтар