Атырауда рұқсат етілмеген жерде діни кітаптар сатылмайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда рұқсат етілмеген жерде діни әдебиеттерді сатуға тиым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық дін істері басқармасының хабарлауынша, мұндай рұқсаты бар 12 сауда нүктесінің 10-ы - облыс орталығы, қалғаны Құлсары қаласында орналасқан.

«Атырау облыстық ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген тексеру қорытындысы бойынша биыл діни әдебиеттер, электронды жайнамаз бен құранды  рұқсат етілмеген жерде саудалаған 7 тұлға анықталып, жауапқа тартылды. Әзірге 3 азамат ҚР ӘҚБК 490 бабына сәйкес сот алдында жауап беріп, 84 мың теңгеден аса айыппұл арқалады, өзге істер сот қарауында» деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің  баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, діни мазмұндағы оқулық сатушылар Дін істері басқармасы немесе жергілікті атқарушы органдарға арыздануы тиіс. Сауда-саттық мешіт ауласындағы немесе сауда орындарындағы арнайы дүңгіршіктерде ғана рұқсат етіледі. «Дін саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы» Заңы аясында кез-келген жерде, әсіресе мемлекеттік органдар немесе оқу ғимараттарының қасында діни мазмұндағы әдебиет саудаланбайды. Олар әлеуметтік маңызы бар нысандардан кем дегенде 300 метр алшақ орналасуы тиіс деп ескертеді  сала мамандары.   

Соңғы жаңалықтар