Атырауда «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы мұнай және газ университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Семинарды Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласы негізінде ұйымдастырып, оның негізгі ережелерін түсіндіруге арнады. «Бәсекеге қабілеттілік - XXI ғасырдағы ұлттың жаңғыруы», «Қазақстанның тарихи жолы мен эволюциялық дамуы», «Ұлттық сәйкестікті сақтау», «Ашық сана - болашаққа апарар жол» лекциялары, сондай-ақ, командалық ойындар мен психологиялық жаттығулар, практикалық сабақтар сынды тренингтер семинар қатысушыларына қоғамдық сананы жаңғырту туралы жүйелі түсінік алуға көмектеседі.

Семинарлар Атырау облысының оқу орындарының қызметкерлеріне білім және мәдени-ағарту салаларында жастармен жұмыс жасауға, жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Кездесу аяқталған соң семинар-тренингтің қатысушылары Елбасы Кітапханасының куәліктерін алады», - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының баспасөз қызметінің өкілі.

Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмелік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар