Атырауда Рухани келісім күні аталып өтті
Мерекеге арналған салтанатты шараға өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қатысты.
«Кеңес Одағы ыдыраған соң кейбір сарапшылар Қазақстанның болашағына күмән келтірді. Өйткені олар 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын елдің болашағының жарқын болатынына сенбеген еді. Алайда, елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан төзімділік, келісім мен гүлденудің символына айналды»,-деді Нұрлан Ноғаев.
Шара барысында рухани келісімді нығайтуға үлес қосқандары үшін бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың арасында: ақсақалдар алқасының мүшесі Гизат Сүйінғалиев, Атыраудағы Апостол әкімшісі Дариуш Бурас, «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Зелимхан Зубариев пен «Прикаспийская коммуна» газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің бұрынғы басшысы Любовь Монастырская бар.