Атырауда резерват өртеніп, қала түтінге оранды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы резерваттың өртенуі салдарынан қаланы түтін басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ақ Жайық» табиғи резерватында қамыс өртенді. Өрт жылдам тарап, 7 гектар аумақты бірден жалын шарпыды. Одан шыққан түтінді жел облыс орталығына қарай ұшырып, қаланы тұтастай түтін басты.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен резерват инспекторлары өртті ауыздықтады. Жайықтың сағасында кішігірім аумақта ғана қалып отыр, ол жер батпақты болғандықтан, өрт сөндіруші көліктің жетуі қиын. Өртті сөндіруге 25 қызметкер және 5 техника жұмылдырылған», - деп мәлімдеді өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.

Резерватпен бірге қоқыс үйіндісі де өртенген. Оны сөндіруге 15 адам және 2 техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар