Атырауда ретро-дискотекаға 7 мыңға жуық адам қатысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында 3 сағат бойы 80-90-шы және 2000-жылдардың хит өлеңдері орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғам белсенділері ашық аспандағы дискотеканы ұйымдастырған болатын. 90-жылдардың хиттеріне билеуге келген халықтың саны 7 мыңға жуықтады.
«Бұл дискотека алдыңғы рекордты жаңартты. 31 тамызда болған шараға шамамен 5 мың адам жиналған болатын. Жұма күні кешке адамдар жұмыстан шаршағанына қарамастан, барлығы отбасымен келіп, үш сағат бойы билеуді тоқтатпады», - дейді ұйымдастырушы Арман Хайруллин.
Айта кетейік, Қазақстандағы екінші рет мұндай ашық аспанда ретро дискотекасын ұйымдастырған әзірге Атырау қаласы ғана. Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты шара дәстүрге айналып, одан да көп азаматтарды жинауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар