Атырауда республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Жыр жұлдызы - Фариза» атты республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтысқа еліміздің барлық өңірінен 22 ақын келді.

Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі.


«Өмірін өлеңге арнап, ғұмырын жырмен көркемдеген жерлес апамыздың құрметіне Атырау облысының әкімдігі апталық өткізуде. Кеше ақын апамызға арналған конференция өтті. Сондай-ақ, өлең-жыр байқауларын, спектакльдер өткізу жоспарлануда. Тек осы шаралармен шектелмей, алдағы күндері де ауқымды шаралар өтеді», - дейді Серік Шапкенов.






Соңғы жаңалықтар