Атырауда Ресеймен шекаралас ауданда 25 млрд теңгенің жобасы іске асырылып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Ресеймен шекаралас ауданда 25 млрд теңгенің жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің батыс қақпасындағы Құрманғазы ауданы Ресей Федерациясының Астрахан облысымен шекарада орналасқан. Бұл аудандағы тұрғындардың саны 59 811 адамды құрайды. Ауданның 19 ауылдық округінде 49 елді мекен бар.

«Шекараға жақын орналасқан аудандағы тұрғындардың жағдайын жақсарту – бұрыннан қалыптасқан дағды. Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында оң шешімін тиіс мәселелер бар. Әсіресе, облыс пен аудан орталығынан шалғайда жатқан Азғыр өңірінде жол жағдайы өте қиын. Өзім де сол жолмен жүріп өттім. Қазір жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Байда және Ақкөл округтеріне қатынайтын жолды жөндеу қолға алынды. Бұдан басқа 5-6 елді мекенге ауыз су желісі тартылып, су тазарту стансалары қондырылып жатыр. Елді мекендердегі тозығы жеткен электр желісі жаңартылып, Шора өзеннің үстінен жаяу жүргіншілер көпірі салына бастады. Осындай 20-ға жуық жобаға 25 млрд теңге бөлінді», -дейді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 26 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанын

әйелдер басқаратынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар