Атырауда реанимобиль паркі жаңартылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында ескірген реанимобильдер жаңартылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі уақытта бізде 94 реанимобиль көлігі тұр. Олардың 24-і толығымен тозған, тіпті пайдалану мүмкін емес, 26-сы күрделі жөндеуді қажет етеді. Қоңырау түскен жерлерге тек 41 көлік жіберіледі. Автокөлік құралдарының тозуы біздің жұмысымызға айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы жергілікті бюджеттен 5 реанимобиль алуға қаражат бөлінді. Бүгінде республикалық бюджеттен 22 реанимобильге қажетті сомма бөлініп қойды. Атырауда олар 2020 жылдың бірінші тоқсанында қолдануға беріледі», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан Сүйеуғалиев.

Ол өз сөзінде кадр мәселесі де шешіліп жатқанын айтты. 2019 жылы 78 қызметкер жұмысқа қабылданған, олардың 54-і –Атырауда, 24-і аудандарда жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар