+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді

2019 жылғы 18 қараша 20:46
Бөлісіңіз:
Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін театр фестивалінің ашылу салтанаты аясында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарлық балалар театры республикалық байқауда бас жүлде жеңіп алды Қазақстандық би студиясы Мәскеуде өткен фестивальде жеңімпаз атанды Абайға 175 жыл: Семейде мерейтойға дайындық барысы пысықталды

Жиынға КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған театр майталмандары, қоғам қайраткерлері мен Рахымжан Отарбаевтың жанұясы қатысты. «Бұл өте ауқымды, мәдени іс-шара. Өйткені, әдебиет пен мәдениетке теңдей үлес қосқан Рахымжандай перзентін елі ұмытпауы керек. Ол Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерді мойындатқан санаулы суреткердің бірі. Бүгін оның рухына ас берілді, енді міне жалғасы үлкен шараға ұласып жатыр. Ұмытпай, елеп-ескерген үлкен-кішіге алғысым шексіз», - деді Асанәлі Әшімов. Сондай-ақ, жиын барысында автордың «Бас», «И был я подобием твоим...», «Плач Чингисхана» туындылары мен Рахымжан Отарбаевқа арналған «Аңыз адам» журналының қараша айындағы санының тұсауы кесілді. 18-22 қараша аралығында Атырау жұртшылығына көрсетілетін мәдени шараға еліміздің 9 шығармашылық ұжымы қатысады. Олардың өнерін сараптаушы қазылар алқасының төрағасы – КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев және Сердеш Қажымұратұлы, Талғат Теменов, Ұларбек Нұрғалымұлы, Айзат Қыдыралиева мен Қаракөз Рахымжанқызы қазылар құрамы болып бекітілген.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT