Атырауда психотропты дәрілік зат сатқан шетелдік әйел ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда психотропты дәрілік зат сатқан шетелдік әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматшасы психотропты дәрілік зат сатумен айналысып келген.

«Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жұмыскер шағын ауданына есірткіге ұқсас зат жасырып кеткен өзбекстандық 22 жастағы әйелді анықтады. Кейін шетелдік әйел ұсталды. Күдіктінің жасырғаны «Альфа-PVP» психотропты дәрілік заты екені белгілі болды. Шетелдік әйел оны «Телеграмм» желісі арқылы сатып алғанын мойындады» -дейді облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда есірткі тасымалдаған шетелдік қамауға алынғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар