Атырауда прокурорлар медициналық қызмет бағаларын төмендетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау прокурорлары медициналық қызмет бағаларын төмендетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Заңдылықты тексеру және медициналық қызмет бағаларын қалыптастыру қаншалықты негізді деген мәселе төңірегінде мониторинг жүргізген Атырау прокуратурасы қала емханаларының берілетін анықтама бағаларын жоғарылатқанын анықтады. 086у және 083у формалы медициналық анықтамаларды беру қызметтерінің бағасын анықтау кезінде шығындар статьясына мамандардың жалақысы және басқа да шығын түрлері негізсіз енгізілген. Прокурорлық әрекет ету актісін қарастыру қорытындылары бойынша, 086у және 083у формалы медициналық анықтамаларды беру мемлекеттік қызметі екі есе - 7990 теңгеден 3875 теңгеге дейін және 5070 теңгеден 2810 теңгеге дейін төмендетілді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік қызмет түрлеріне баға белгілеуде ұқсас жағдай Атыраудағы психиалық денсаулық сақтау орталығында да болған. Қадағалау актісі бойынша мұнда есепке алу жағдайы туралы анықтама бағасы 1200 теңгеден 1000 теңгеге дейін, көлікті басқаруға, қару ұстауға рұқсат анықтамалары 3500 теңгеден 3100 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша, облыстық прокуратура мемлекеттік қызмет бағаларын өсірудің заңсыз тәжірибесін тоқтатып, сол арқылы көп азаматтардың құқығын қорғап қалды.

Соңғы жаңалықтар