Атырауда прокурор атышулы жол апатын тергеуді өз бақылауына алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Прокурор Атыраудағы атышулы жол апатын тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда таңғы сағат 09:30-да Баймұханов көшесінде жол апаты болып, жаяу жүргінші қаза тапты. «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы колледж студентін қағып кетті. Жігіт оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

«Қазіргі уақытта тергеу органы бірқатар сот сараптамасын жүргізіп жатыр. Прокуратура қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша тапсырма берді. Тергеуді облыс прокуроры жіті бақылауға алды», - деп хабарлады Атырау облыстық прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Автор: А. Соколов


Соңғы жаңалықтар