Атырауда пробация есебінде тұрған адамдар жеке кәсібін ашқан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда пробация есебінде тұрған сотталушылар жеке кәсібін ашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есебіндегі 5 сотталушы «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасының курсын аяқтап, жеке кәсібімен айналысуда. Мәселен ұрлық, тонау және алаяқтық бабымен сотталған 3 жас жігіт бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 555 мың теңгенің грантын ұтып алған. Олар бұл қаржыны жеке кәсібін ашуға жұмсамақ.

«Қазір Атырау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған тағы бір сотталушы көлік жуу орталығын ашып, кәсібін дөңгелетуде. Ал Индер аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталған азамат аудан орталығынан фаст-фуд дүңгіршегін ашты», - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау қалалық және аудандық пробация қызметімен сотталғандар арасында жеке бизнестерін ашуға арналған семинар-тренингтер өткізілуде. Сотталушыларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар