Атырауда полиция көлігі өртеніп кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полиция көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 1 қазанда сағат 18:30 шамасында болған.


«Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында «Nissan Almera» қызметтік көлігінен өрт шықты. Өрт көліктегі электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Қазір полиция қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр» - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға Армениядан әкелінген көлік жол бойында өртенгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар