Атырауда ПИК қызметі цифрландырылып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулықтар онлайн негізде пәтер иелерінің кооперативтері жұмысын бақылай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласының тұрғындары https://atyrau.opencity.kz арнайы порталында «Жеке кабинетін» ашып, өз өтініштерін қалдыра алады.

Бұл жоба ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде басталды, оның мақсаты  ПИК қызметінің сапасын және ашықтығын арттыру болып табылады. Порталға 71 кооператив кіреді.

«Портал - ақпарат алмасудың бірыңғай платформасы. Атырау тұрғындары үйде отырып алдағы жұмыстардың жоспарларымен танысып, өз пікірін білдіруіге мүмкіндік алады. ПИК өкілдері үшін де жұмыс жасау жеңілдейді.  Мәселен, қандай да бір шешім қабылдау үшін кездесу ұйымдастырып, тұрғындарды жинап, жылыту уақытын және газды жөндеу жұмыстары туралы хабарлама таратудың қажеті жоқ. ПИК өкілдері қалай жұмыс жасайтыны, жиналған қаражатқа жұмсалу реті, қаржы есептері және т.б. толық ақпарат порталда бар», - деп түсіндірді жоба жетекшілерінің бірі Аман Сұлтанов.

Айта кетейік, https://atyrau.opencity.kz порталында қаланың интерактивті картасы және барлық қолжетімді ПИК және тұрғын үйлер туралы толық ақпарат бар. Бұдан басқа, тұрғын үй иелері кооперативтердің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді ғана емес, сонымен қатар ПИК-нің қызметтері бойынша қарыздар туралы біле алады.

Соңғы жаңалықтар