+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда Pfizer вакцинасын 84 әйел мен 51 жасөспірім салдырды

2021 жылғы 25 қараша 15:31
Бөлісіңіз:
Атырауда Pfizer вакцинасын 84 әйел мен 51 жасөспірім салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Pfizer вакцинасын 84 әйел мен 51 жасөспірім салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды Ақтөбенің бас ұстазы оқушы қызын вакцина салдыруға ертіп барды Атырауда төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл төледі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 1 ақпаннан бері атыраулық 248 716 адам Сovid-19-ға қарсы вакциналардың I компонентін ектірген.

Ал, вакциналардың II компонентін алғандар саны 227 638 адамға жетіп отыр.

«Атырау облысына 9 қарашада екі мұздатқыш камера, 19 қарашада Pfizer вакцинасының 32 760 дозасы жеткізілген еді. Ал, 20 қарашада аталған вакцинаны салу басталды. Бүгін, 25 қарашаға дейін Pfizer вакцинасын 12 жүкті әйел, бала емізетін 72 ана мен 12-ден 18 жасқа дейінгі 51 жасөспірім салдырды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір өңірде Рfizer вакцинасын алатын 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрайды. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362. Оның ішінде 70 пайызында, 76 мың адамда коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға қарсы көрсетілім жоқ.

Pfizer вакцинасын алғандардың бірі –Нұрлы Нәберенова. Төрт баласы бар ана Атырау қаласының маңындағы Геолог елді мекеніде тұрады.

«Балаларымның ең кішісі – алты айлық. Әлемде де, елімізде де коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының азаймауына байланысты балаларымның денсаулығына алаңдап жүруші едім. Бала емізетін аналарға Pfizer вакцинасын салдыруға болатынын білгенде, алғашқылардың қатарында алуға шешім қабылдадым. Өйткені, екпе алу арқылы ғана қауіпті вирустан өзімді де, балаларым мен ағайын-туыстарымды да қорғауға болатынына

сенемін», -дейді Нұрлы Нәберенова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысына Pfizer вакцинасының 32 760 дозасы

жеткізіліп, балалар мен жүкті әйелдерге салу басталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT