Атырауда перзентханадан коронавируспен ауырған соңғы науқас жазылып шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облыстық перинаталдық орталықтан короновирус симптомымен босанған ана емделіп, үйіне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған орталықтан ашылған провизорлық стационар бос тұр.

Маусымда орталықтың провизорлық стационарында короновирус симптомымен 50-ден астам жүкті әйел жатқан.

«Негізінен 50 орынға шақталған провизорлық стационар маусым-шілде айларында мүлде босамады. Соңғы айда жағдай жақсарып келеді. Короновирус симптомымен түсіп жатқан жүкті әйелдер жоқ. Алда көптеген вирустың өршитін күз-қыс мезгілі келе жатыр. Сондықтан әлі де санитарлық ережелерді қатаң сақтау керек», - дейді облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Ермағамбетов.

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Атырау облыстық перинаталдық орталығына 153 әйел түскен. Оның 87-сі - босанған әйелдер.


Соңғы жаңалықтар