+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда педофилге қатысты іс сотта қаралуда

2017 жылғы 7 қыркүйек 06:10
Бөлісіңіз:
Атырауда педофилге қатысты іс сотта қаралуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 8 жастағы қызға зорлық жасады деп айыпталған 28 жастағы Арман Рсалиевтің ісін қарап жатыр, деп хабарлайды mgorod.kz.

Бесікті кентінің тұрғыны үстінен қозғалған іс бойынша сот 6 қыркүйекте басталды. Арман Рсалиев ҚР ҚК-нің 120-бабының 4 бөлігі 10, 14 тармақтары және 99-баптың 2 бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Тергеу мәліметтері бойынша, 8 жастағы қыздың көршісі ішімдікке мас болып, оны Жайық өзенінің жағасына алдап апарып, зорлаған. Қылмысын жасыру үшін оқушыны өзенге батырып жіберген.

Сот жабық режімде өткізілуде.

Еске сала кетсек, 8 жасар Айкөркем Алдамжар биыл 15 маусымда мектептегі лагерьден оралмаған. Қыздың шешесі ол келмеген соң полицияға арызданған. Оқушының денесін іздеу 5 күнге созылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT