+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Атырауда пәтерді жалға алып беремін деп 50 тұрғынды алдаған жігіт ұсталды

2021 жылғы 14 тамыз 10:02
Бөлісіңіз:
Атырауда пәтерді жалға алып беремін деп 50 тұрғынды алдаған жігіт ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау полицейдері алаяқты ұстады, ер адамның 50 эпизодқа қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда алаяқ әйел жергілікті тұрғынның 20 млн теңге тұратын алтын бұйымдарын алдап алған Атырауда алаяқ университетке ақысыз түсіремін деп үш адамның 1,2 млн теңгесін алған Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны 50 адамға «пәтерді жалға алып беремін» деп 1 млн-нан астам теңгені қалтасына басқан.

«Күдікті жарнама сайты арқылы хабарландыру жариялап, бірнеше қала тұрғынына уәде беріп, алдын-ала төлем жасатқан. Кейін ер адам ізім-қайым жоғалып кеткен. Алаяққа алданғандардың бірі – атыраулық әйел полицияға шағым түсірді. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері алаяқты «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтады. Тексеру кезінде Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны 50 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Бұрын сотты болған ер адам өз кінәсін толықтай мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлімі, 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда әйелді тонаған жігіт ұсталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT