Атырауда парадзюдодан Азия чемпионаты өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Зағип жандарға арналған халықаралық спорт федерациясының (IBSA) күнтізбесіне сәйкес Атырау қаласында дзюдодан лицензиялық Азия және мұхит аралдары чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дзюдо федерациясының мәліметінше, 5-8 қыркүйек күндері өтетін аталмыш құрлықтық біріншілікте жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшыларға Паралимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады.

Атырау татамиінде тұңғыш рет өткізілетін байрақты бәсекеге Аустралия, Қытай, Индонезия, Индия, Иран, Жапония, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Шри Ланка, Тайланд, Тайвань, Өзбекстан және Қазақстаннан 150-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар