Атырауда өзенде селфи түсіру оқиғасы қайғылы жағдаймен аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзенінде төрт ер адам мінген қайық аударылды. Аман қалғандардың сөздеріне қарағанда, достар түнгі уақытта өзенде қайықпен жүзіп, суретке түспек болған.

Сенбіден жексенбіге қараған түні қала маңындағы Бесікті кентінде төрт жігіт отырған қайық аударылды, деп хабарлады ATPress.

«Аман қалғандардың сөзіне қарағанда, қала маңындағы Бірлік кентінің 1992 және 1981 жылдары туған тұрғындары батып кетті. Олар сенбі күні кешке достарымен пикникке шыққан, кейін қолдан жасалған қайықпен суда жүзуге бел буыпты. Қараңғыда бұл қайық аударылады. Екеуінің бірі төртеуі спирттік ішімдік ішкенін мойындады», - деді Батыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағының басшысы Бахтияр Қадырханов.

Ол қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға түнгі сағат екіде түскенін, таң атқан соң қаза тапқандардың мәйітін іздеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. Оқиға орнында және оның маңайында өзенде жеті сүңгуір-құтқарушы жұмыс істеуде. Үш қайық пен екі бірлік техника тартылды. Сонымен қатар, балық инспекциясының «КС» маркалы бір катері іздеу жұмыстарына пайдаланылады.

Соңғы жаңалықтар