Атырауда Өзбекстан азаматы жол апатынан қаза тапты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Өзбекстан азаматы Атырауда көлік апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қайғылы оқиға Жайық өзеніндегі көпір маңында, Балықшы шағынауданы аумағында болған. Рульде 47 жастағы жүргізуші болған  «ГАЗ-53» көлігі жаяу жүргінші өтуге болмайтын жерден көшені кесіп өткен адамды қаққан. Мерт болған - 27 жастағы Өзбекстан азаматы.

 «Адам өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде»,- деді ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар