+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атырауда отыздан астам адамның 29 млн теңгесін жымқырған алаяқтың ісі сотқа жолданды

2021 жылғы 9 қыркүйек 20:34
Бөлісіңіз:
Атырауда отыздан астам адамның 29 млн теңгесін жымқырған алаяқтың ісі сотқа жолданды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 35 адамның 29 миллион теңгесін жымқырған алаяқтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да әкімшілік қамаудан босаған ер адам көлік айдап кеткен Алматыда қылмыс деңгейі 5,4% төмендеді Атырауда көлік терезесін сындырып 2 млн теңге ұрлағандар ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, алаяқ алдымен туыстарын алдаған.

«Атырау қаласының тұрғыны алаяқтық жолымен 35 адамның ақшасын алып, қалтасына басқан. Алаяқ алдымен өзінің туыстарын қаладағы «Нұрсая» шағын ауданынан арзан бағамен пәтер алып беремін« деп арбауына түсірген. Жәбірленушілерден Kaspi.kz қосымшасы арқылы банк картасына ақша аудартқан, тіпті кейбіреулерінен қолма-қол ақша алған. Өзінің қызметін 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін бағалаған. Сөйтіп, азаматтардың 29 млн 300 мың теңгесін жымқырған. Ал, алдын ала төлем жасап, пәтер күткен қала тұрғындары өздерінің алданғанын алаяқ әйел телефонын өшіргенде бір-ақ білген» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір алаяқтық күдігіне ілінген 32 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда алаяқ әйел тұрғындарды жер телімін әперем деп алдағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT