Атырауда отыз адамға кредит алдырып, 40 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ ұсталды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 30 адамды алдап, 40 млн теңгені иемденген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 30 адамды алдаған 24 жастағы алаяқтың Махамбет ауданында тұратыны анықталған.

«Алаяқтық іспен айналысқан күдікті 2022 жылғы желтоқсаннан бері Kaspi Bank және Freedom Finance банктен тауарлық несиені ақшалай алып, үстіне бонус қосып беремін деп 30 адамды алдаған. Сөйтіп, 40 млн теңгені имеденіп алғаны анықталды. Қазір алаяқ ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері қамауға алынған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 4 адамды алдап, 5,4 млн теңгесін иемденген алаяқ әйел ұсталғанын хабарлаған едік.

Алаяқтық күдігімен ұсталған 45 жастағы әйел қымбат телефон алып беру үшін бірнеше адамды алдаған.

Мәселен, Атырау қаласының 1988 жылғы тұрғынынан 6 дана Iphone 13 Pro ұялы телефонын арзан бағаға алып беру үшін 2 млн 196 мың теңге, 31 жастағы тұрғыннан тұрмыстық техника үшін 1 млн 598 мың 500 теңге, 1995 жылғы тұрғыннан Iphone 13 Pro телефоны үшін 498 000 теңге, 2004 жылғы тұрғыннан 3 дана Iphone 13 Pro телефоны үшін 1 млн 174 мың теңгені алаяқтық жолмен иемденіп алған.


Соңғы жаңалықтар