Атырауда өткен марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өткен марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жарыс 10 және 21 км қашықтыққа бағытталды. Спорттық шараны Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов бастап берді. Ол облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті.

«Бірінші кезекте марафонды ұйымдастыру саламаты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Болашақты мұндай шаралар жыл сайын ұйымдастырылатын болады»,-деді Шапкенов.

Қала әкімінен басқа жүгіру шарасына Азия, Африка, Австралия және Америка сияқты құрлықтарды жүріп өткен әйгілі азамат Марат Жыланбаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев, сонымен қатар, бірінші топтағы мүгедек Ерлан Қазиев қатысты. Соңғысы жеңіске деген ерік-жігері үшін құнды сыйлықпен марапатталды.

 

10 км қашықтыққа жүгіруден абсолютті чемпион Бисұлтан Қайыров болды. Әйелдер арасында бірінші орынды Аделя Шабанова жеңіп алды. Жасы 37-ден жоғарылар арасында австралиялық Куин Мэтью, әйелдер арасында Анастасия Ткаченко жеңімпаз деп танылды.

21 км қашықтықта жасы 37-ден төмен ер азаматтар арасында Базарбай Дәуіталиев үздік шығып, әйелдер арасында жапониялық Наоми Ваймант жеңімпаз атанды.

Ересектер арасындағы топта жеңіске Бауыржан Берғали мен уэльстік Демпстер Ребекка қол жеткізді.

Марафон Маржан Арапбаева мен Қайрат Нұртастың қатысуымен өткен концертке ұласты. Іргелі шараны Атырау облыстық жеңіл атлетика федерациясы мен Infinity Fitness клубы Атырау облыстық әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Соңғы жаңалықтар