Атырауда отбасының мазасын алған 800-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда биылғы 7 айда отбасының мазасын алған 800-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторларының міндетінің бірі – отбасылық-тұрмыстық қатынасқа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу.

Биылғы жыл басынан бергі 7 айда Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары 800-ге адамды ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 73-бабымен (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Бұған қоса 1000-ға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Аталған нұсқаманы бұзған 60-тан астам адам анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жыл басынан бері сот шешімімен 300-ге жуық құқық бұзушының мінез-құлқына байланысты ерекше талаптар белгіленген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әйелін ұрған ер адам 7 күнге қамалған болатын.


Соңғы жаңалықтар