Атырауда отбасындағы кикілжіңнен соң 7 жасөспірім үйінен кетіп қалған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында отбасындағы кикілжіңнен соң 7 жасөспірім үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері 1-5 қаңтар аралығында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бірнеше жасөспірімнің үйінен кетіп қалғаны анықталған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының «102» нөміріне жасөспірімдердің үйінен шығып, жоғалып кеткені туралы 7 хабарлама түсті. Мәселен, 4 қаңтар сағат 00:30 шамасында 10 жасар жасөспірім анасымен ұрсысып, үйінен шығып кеткен. Полиция қызметкерлері оны көрші үйден тапты. Сол күні түнгі сағат 23:00 шамасында анасына ренжіген 14 жасар жасөспірім үйден кетіп, көпірге бет алған. Жасөспірімді полиция қызметкерлері тауып, отбасына жеткізді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Отбасындағы кикілжіңнен соң үйінен кетіп қалған жасөспірімдердің ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда отбасындағы кикілжіңнен көп дәрі ішіп қойған 12 жасар жасөспірім құтқарылды.


Соңғы жаңалықтар