Атырауда отбасындағы кикілжіңнен көп дәрі ішіп қойған 12 жасар жасөспірім құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда дәрігерлер отбасындағы кикілжіңге байланысты көп мөлшерде дәрі ішіп, уланған жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 жасар жасөспірім қан қысымын түсіретін дәріні көп мөлшерде ішіп, уланып қалған.

«Дәріден уланған қыз жағдайы нашарлаған күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Жансақтау бөлімінде жатқан пациенттің денсаулығы үшін дәрігерлер 12 сағат арпалысты. Жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырылды. Қазір денсаулығы қалпына келген жасөспірім үйіне шығарылды» -деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дулат Сабыров.

Оның айтуынша, жасөспірім қыздың көп мөлшерде дәрі ішіп, улануына отбасындағы келіспеушілік пен кикілжің себеп болған.


Соңғы жаңалықтар