Атырауда Отбасы күні аталып өтті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 15 мамыр - Отбасы күніне орай мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, атыраулықтарды айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бұл мерекенің елімізде, әлемде өзінің халықаралық статусы бар. Бұл мерекені тойлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Көктемнің шуақты кезінде отбасы күні аталып отыр. Қазақта «Отан - отбасынан басталады» деген сөз бар. Мемлекеттің дамуында, қоғамның қалыптасуында ұрпақ тәрбиесінің маңызы зор. Қаламызда соңғы уақытта отбасы болып демалатын алаңдардың саны артып келеді. Осыған орай бірнеше саябақты ашу жоспарда бар. Бұл саябақ кешкі уақытта тұрғындардың жиі бас қосатын жеріне айналды. Халықтың көңілінен шыққан соң осы алаңды «Отбасы» саябағы деп атауға шешім қабылдадық. Ашылып жатқан саябағымыз құтты болсын, - деді Жасұлан Бисембиев.


Шара аясында жарасымды жанұяның негізін қалыптастырудағы орасан зор еңбегі үшін бірқатар мерейлі отбасы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ Авангард ықшамауданы Нұрғиса Тілендиев көшесіндегі алаңға «Отбасы саябағы» атауы берілді.

Кейін облыс әкімінің орынбасары тұрғындармен бірге жаңадан ашылған саябаққа тал екті.























Соңғы жаңалықтар