Атырауда өрттен көз жұмған үш бала: Сотқа дейінгі тергеу басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өрттен үш баланың қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысында пішен өртеніп, оқиға орнында үш баланың денесі табылғаны хабарланған еді.

Кеше, 5 қазанда кешкі сағат 19:27 Махамбет ауданының Ортақшыл ауылындағы тұрғын үйдің жеке ауласына жиналған 22 орама шөп өрттенген.

«Оқиаға орнына аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілер сағат 19:45-те жетті. Өрт түнгі сағат 23:07-де сөндірілді. Алайда, 6 қазан сағат 00:02-де Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелетке толмаған 3 баланың баланың жоғалғаны туралы хабар түскен» деп мәлім етті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған 2014 жылғы - екі, 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылған.

«Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабымен (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар