Атырауда өрттен көз жұмған 3 баланың ата-анасына материалдық көмек беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өрттен көз жұмған үш баланың ата-анасына материалдық көмек берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау облысында пішен өртеніп, оқиға орнында үш баланың денесі табылғанын, кейін сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазған болатынбыз.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жантүршігерлік оқиғаға қатысты балалардың ата-анасына көңіл айтып, материалдық көмек берілетінін мәлім етті.

«Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты қаза болған бүлдіршіндердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл – тұтас халық ауыр жағдайда қабылдап отырған қасірет. Қаза болған балалардың отбасыларына Атырау облысының әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар