Атырауда өртенген тұрғын үйдегі бір пәтер тоналған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында өртенген бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтері тоналғаны белгілі болды. Мұны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қалалық полиця басқармасы аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде» - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жергілікті БАҚ-тың біріне сұхбат берген тоналған пәтер иесінің айтуынша, ұрылар қымбат бағалы сақина мен киімді жымқырып кеткен.


Авторы Жолдасбек Көшербайұлы


Соңғы жаңалықтар