Атырауда өрт сөндірушілерге жол бермеген жүргізушілер жауапқа тартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жедел қызметтерге жол бермеген жүргізушілер жауапқа тартылуда. Бір сағаттың ішінде ғана полицейлер немқұрайлы 2 автокөлік жүргізушісіне айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Атырау облыстық Төтенше жағдайдар департаментінің қызметкерлері  жергілікті полицейлермен бірлесіп «Көмекке жол беріңіз» атауымен рейд өткізді.

«Аталған рейд бір сағатқа созылды. Арнайы дыбыс сигналын қосқан өрт сөндіру бөлімінің  автокөлігі қиын жүру жолдары бар көшелермен жүріп өтті. Өрт сөндірушілердің артынан жергілікті полиция қызметкерлерінің автокөлігі ілесіп отырды. Рейдтің қорытындысы бойынша жолда жүру ережелері талаптарын бұзғаны үшін 2 автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынды», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінен.

Атап өтілгендей, жедел қызмет көліктеріне жол бермеген жүргізушілер ҚР Жол қозғалысы ережесінің 598-бабы 2-тармағына сай («Сырт жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулері бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягы мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiктерінің жүруiне басымдық бермеу») жауапкершілікке тартылатын болады. 

Соңғы жаңалықтар