+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Атырауда өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесі өтті

2020 жылғы 19 қазан 21:55
Бөлісіңіз:
Атырауда өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесі өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Құтқарушылар күніне орай «Сұлтан Бейбарыс» алаңында Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесінде гидроцикл, жол талғамайтын «Трэкол», «Холматро» секілді осы заманғы 17 түрлі көлік қойылды. Көрмеге Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды жою үшін қолданылатын көліктер мен жабдықтармен қамту деңгейін бағалады.

Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановтың мәліметінше, қазір құрылымда 690 қызметкер бар. Әртүрлі 118 техникамен қамтылған. Соның ішінде 53 өрт сөндіру, 19 арнайы, 46 қосымша, 20-дан астам жүзу техникасы өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылады. Құтқарушыларға «Гром», «Абрек» атты екі иттің де көмегі тиеді.

Көрмедегі техникаларға әсіресе, балалар қызығушылық танытып, өрт сөндіру машинасының кабинасына, гидроциклде отырып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жауынгерлік каскасын өздері киіп қарады. Жұртшылықтың назарын «Гром» мен «Абрек» көбірек аударды. Жедел-құтқару жасағының кинологтары құтқарушы иттердің тапсырманы орындау, сондай-ақ, Жайық өзенінде суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінен көрсетілім ұйымдастырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT