Атырауда өрт шыққан үйдің 18 тұрғыны автосатымен эвакуацияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы СМП-163 шағынауданында көпқабатты тұрғын үйдің балконы өртеніп, 18 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 мамырда жергілікті уақытпен сағат 17:06-де СМП-163 шағын ауданындағы №5 көппәтерлі тұрғын үйде балкон өртенді. Бес қабатты үйдің 3-ші қабатындағы пәтердің балконы жанып, 4 шаршы метр аумақты өрт шалды. Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен 3 арнаулы техникасы тартылды. Автосатымен 18 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде 5 бала бар», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Өрт жергілікті уақытпен сағат 17:24-те толықтай сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар