Атырауда өндірістік қойманы тонаған ұрылар ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚахАқпарат – Атырауда өндірістік қоймадан 4,5 млн теңгенің затын жымқырған ұрылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш адамнан құралған қылмыстық топ өндірістік қоймаға заңсыз кіріп, бағалы техникалық құрылғыларды ұрлаған. Бұл туралы 19 қаңтарда Атырау қаласындағы №1 полиция бөліміне шағым түскен.

«Аталған шағымға байланысты криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 1985,1986 және 1988 жылғы күдіктілерді ұстады. Тексеру кезінде күдіктілердің дәл осындай 7 қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдіктілер алдын ала сөз байласуы арқылы ірі мөлшерде, бірнеше рет өндірістік қоймаға ұрлыққа түскен. Жәбірленушіге жалпы соммасы 4 млн 540 мың теңге залал келтірген», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 70 көлік жүргізушісі 1 млн 743 мың теңгенің айыппұлын төлемегенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар