Атырауда ондаған адамдар белгісіз газдан уланды

None
None
 АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бүгін кешкісін ондаған адамдар «Насиха» ірі сауда орталығында тараған белгісіз газдан уланып қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мен алдымен не болғанын түсінбей қалдым. Бутикте отырып, бір мезетте елдің барлығының жөтеле бастағанын байқадым. Алдымен қандай да бір ауру тарады ма деген ой келді. Содан соң белгісіз иісті сезіп, тамағым жыбырлап кетті. Біз бірден далаға жүгіріп шықтық, біз шыққан кезде онда тағы ондаған адамдар жиналып тұрды. Олардың кейбірі жөтеліп қана қоймай, демдері де жетпей жатты. Біраз уақыттан соң полиция қызметкерлері келді»,-деді оқиғаның куәгері Әйгерім Мақашева. 

Белгісіз біреулердің белгісіз газды шашқандығын полиция да растады.

«Бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Газдан уланып, ауруханаға жеткізілген адамдар туралы хабар болған жоқ. Біз ол туралы білетін едік»,-деді Ішкі істер департаментінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар