Атырауда он адам 200 мың, екі адам 3 млн теңгенің ақшалай жүлдесіне ие болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда вакцина салдырған он адам 200 мың, екі адам 3 млн теңгенің ақшалай жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайтын ақшалай ұтыс ойыны басталған болатын. Кейін вакцина алған он адам 200 мың теңгенің ақшалай ұтысына ие болғанын хабарлап едік.

«Азаматтық Альянс» ЗТБ коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар арасында ұйымдастырған ақшалай ұтыс ойыны жергілікті телеарнаның тікелей эфирінде өткізілді. Ұтыс ойынын 4 тәуелсіз бақылаушы қадағалады.

«Үшінші рет өткізілген ұтыс ойынына вакцина алған 35 244 адам қатысты. Оның ішінде кездейсоқ сан арқылы таңдалған он адам 200 мың теңгенің ақшалай сертификатын ұтып алды. Бұл жолғы ұтыс ойынының бас жүлдесі – 3 млн теңгенің екі сертификаты. Оны шілде айында вакцина алғандардың арасынан Құрманғазы ауданының екі тұрғыны иеленді» -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тікелей эфирде 3 млн теңгені ұтып алғанның бірі – Нәсиполла Ғарифов. Оның отбасында 5 бала бар. Ал, екіншісі – жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетова.


Соңғы жаңалықтар