Атырауда Оқушылар және жастар сарайы салынуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атырауда оқушылар және жастар сарайы салынып жатыр. Бұл мекеме келесі жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Төрт қабатты ғимарат неоклассикалық стильде фальшколона және балюстрадалармен салынады. Бірінші қабатта: күрес залы және гимнастика, баскетбол, жеңіл атлетика, ритмдік гимнастика, сондай-ақ шахмат ойнауға арналған бөлмелер орналасады.
null 

Бірінші қабатта балаларға ыңғайлы болу үшін интернет-орталық пен медиа-кітапхана, компьютерлік графика бөлмесі, көрме мұражайы, макияж бөлмелері,  жаттығу және хореография залдары, 300 орындық мәжіліс залы, бассейн және т.б бар.

Екінші қабатта ағылшын, француз, түрік, қазақ және орыс тілдері, музыка және теориялық сабақтар, астрономия, планетарий, театр студиясы, музыка сабақтары,сонымен қатар  ансамбльдерге арналған сабақтар, хор мен оркестрге дайындық сабақтары өтетін болады.
null 

Үшінші қабатта физика, экология, жергілікті тарих, биохимиялық зертхана, жастар тобы, мүсін бөлмесі, арт-студиямен жабдықталады.

Ең қызықты, төртінші қабат болады. Мұнда балалар әуе және зымыран модельдеу зертханаларында ғылым мен техниканы меңгеріп, кеме моделін жасайды, электр және радиотехникалық зертханаларда компьютерлік техниканы игереді, сондай-ақ студияда бейне және фото түсірумен шұғылдана алады.
null 

Соңғы жаңалықтар